"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА "ДОСТЫҚ ПОЛИМЕР ПЛЮС" ЖШС ЗАУЫТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында полимерлік қаптама шығаратын зауыттың салтанатты ашылуы өтті.

Кәсіпорынның ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары А.М. Меңдібаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаров, Маңғыстау облысының Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының басшысы В.Т. Мұстапаева, Ақтау қаласы әкімдігінің өкілдері, депутаттар және кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.М. Меңдібаев жиналғандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен және зауыттың ашылуымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Іс-шара барысында "Достық Полимер Плюс" ЖШС компаниясының құрылтайшысы Н.М. Карась полимерлі қаптама өндірісінің технологиялық процесімен таныстырды.

Жобаның ерекшелігі-импортты алмастыру және өнімді Қазақстан Республикасының аумағына экспорттау мүмкіндігі. Жаппай өндірісте және тұтынушылардың өтінімдері бойынша пластикалық қаптаманың бірнеше түрін шығару жоспарлануда, нақты қаптама шығарылады.

Зауыт аумағында 32 жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде жұмыспен қамтылмаған жастар жұмысқа алынады.

Жоба өңірдің тамақ өнеркәсібінің дамуына, сондай-ақ Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін береді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында мұнай өндіру, өңдеу, құрылыс, көлік және логистика, туризм нысандарын салу бойынша 19 жоба табысты жүзеге асырылуда.

Арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеген 18 жыл ішінде АЭА аумағындағы жобаларға әлемнің 7 елінен келген инвесторлар (Қытай, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Сингапур, Түркия, Германия, Иран) және жергілікті инвесторлар 244 млрд.теңге инвестиция салды. Осы жылдар ішінде 395 млрд. теңгеге жуық өнім өндірілді. Арнайы экономикалық аймақ құрылған сәттен бастап қазынаға 52,1 млрд. теңге мөлшерінде салық төлемдері төленді. 3000-нан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

Қайнар өзі: "Ақтау Теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 191